«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.