«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.