«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 желтоқсанда түнде Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.