«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 желтоқсанда түнде Жамбыл облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 11 градус аязға дейін, күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 8 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Тараз қ.: 15 желтоқсанда ауа температурасы түнде 5-7 аязға дейін, күндіз 0-2 аязға дейін күрт төмендейді.