«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.