Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 желтоқсанда Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 11 желтоқсанда көктайғақ күтіледі, кей уақыттарда тұман күтіледі.