«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 желтоқсанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, түнде облыстың таулы аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.