«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24-25 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.