«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.