Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 05 қарашада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.