«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 03 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 03 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.