«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 қазанда таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 28 қазанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қаупі күтіледі.