«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 қазанда күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 26 қазанда жоғары өрт қаупі күтіледі.