«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 14 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.