«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.