«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.