«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.