«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 29 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.