«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.