«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 23 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.