«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 22 қыркүйекте солтүстік-шығысытан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.