«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.