Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 23 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.