Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 20 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.