Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 17 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.