«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 тамызда күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 16 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.