«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 12 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.