Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі күтіледі.