Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.