«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.