«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 31 шілдеде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.