Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.