«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 20 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.