«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 19 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.