«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 16 шілдеде күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.