«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15-20 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +36+41°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +43°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
15 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.