«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 шілдеде күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.