Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 маусымда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 29 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.