Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.