Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 14 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.