Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 11 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.