«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 маусымда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 07 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.