«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 06 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Күндіз облыс бойынша 42 градус қатты ыстық сақталады.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 06 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.