«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 28 мамырда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.