«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.