«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 23 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.