Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 22 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.