«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 10 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.