«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2025 жылдың 09-10 мамыр аралығында Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.