«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 09 мамырда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.